Бұл туралы елдің қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің басшысы Сәкен Жүсіпов айтты. Енді әскери құрылымдарының қатарын 18-27 жасқа дейінгі 13,5 мың мерзімді әскери қызметшісі толықтырады. Ол үшін әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар тарату жоспарлануда. Хабарлама жолдау Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметі арқылы жүзеге асырылады. Көктемгі әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жасалады. Одан бөлек, жас буынды вакцинациялау қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады, – деді Жүсіпов.