Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Биыл мектептерде алғашқы қоңырау санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек бірінші сынып оқушыларына өтеді. Балаларға “Әліппе” және “Букварь” сияқты алғашқы кітаптары табысталады. 2-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары ұйымдастырылады”, – деді БҒМ басшысы Үкімет отырысында.