Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінің әжетханасында бірнеше рет зорланды деген баланың әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді, – деп хабарлайды “Астана” телеарнасы. Әкесі баланың ластанған киімін көргенде зорлық болғанына көз жеткіздім дейді. Ер адам ұлын жетінші сынып оқушылары зорлағанын айтады, ал оқытушылар мен мектеп басшылығы бұған көз жұмды деп отыр. “Қанша рет болды деп сұрасам, 10-12 рет болғанын айтып отыр”, – дейді оқушының әкесі. Бірақ білім беру мекемесінің педагогтері бала зорланды деген ақпаратты жоққа шығарып отыр. Білім және ғылым министрлігі өкілдері мектепте тексеріс жүретінін хабарлады. Сараптама зерттеулері тағайындалып, оның нәтижесінде зорлық дерегі бар-жоғы тексеріледі.