Алдын ала нәтиже бойынша, Эмомали Рахмон жеңіске жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. “Тәжікстанның қазіргі басшысы Эмомали Рахмон президент сайлауында 90,92 пайызбен жеңіске жетті”, – деп хабарлайды РИА Новости Тәжікстан ОСК сілтеме жасап. Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясы 11 қазанда елде президент сайлауы өткенін мәлімдеді. Дауыс беруге сайлаушылардың 70 пайызынан көбі қатысқан. Эмомали Рахмон Тәжікстан президенті қызметін 1994 жылдан бері атқарып келеді. Төрт жыл бұрын Тәжікстан Конституциялық соты ел Конституциясына түзетулерді мақұлдаған болатын. Оған сәйкес, Рахмонға президенттікке сайлауға түсуге мүлде шектеу қойылмайды.