16 жастағы қазақстандық футболшы «Челсиде» ойнайды

16 жастағы қазақстандық футболшы «Челсиде» ойнайды. «Челси» Дастан Сәтпаевты 4 млн еуроға сатып алады. Қазақстандық жас жігіт отандық футбол тарихындағы рекордтық келісімшартқа қол қояды. Бұл жөнінде Фабрицио Романо мәлімдеді. «Лондондық клуб пен жерлесіміз арасындағы келісімшарт 2026 жылы Дастан 18 жасқа толғанда күшіне енеді және ол 5 жылға есептелінген», – дейді инсайдер.