6 қазанда Қазақстанда 2063 адамның коронавирус тесті оң көрсетті. Сәрсенбі күні алдыңғы апталардағыдай ең көп науқас Алматы қаласында (423) тіркелді. Нұр-Сұлтанда 281 адамға коронавирус жұққаны тестпен дәлелденді. Қалған қалалар мен облыстарда 200-ден аз науқас анықталды. 2020 жылдың наурыз айынан бері 898 мың адамның коронавирус тесті оң шыққан. Басым бөлігі жазылған. 11 422-і қайтыс болған. 5 қазанда 33 адам коронавирустан көз жұмған.