2 айда 30 бала суға кетіп, қаза болған

Елімізде шомылу маусымы кезінде құтқарушылардың ескертуін елемейтіндер саны азаймай тұр. Мәселен биылдың өзінде 9 мыңға жуық азаматқа хаттама толтырылып, олардан 62 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген. Сондай-ақ, суға түсуге тыйым салынған 4,5 мыңнан астам орын анықталып, 6 мыңға жуық ескерту белгісі қойылған. Айта кетейік былтырғы жылдың 3 айында дәлірек айтқанда маусым мен тамыз аралығында 177 адам суға кетіп, қаза тапқан. Оның 53-і бала. Ал биылғы маусым айынан бері 70 адам көз жұмды, арасында 30-ы бала бар.