Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ойындар алдағы жылдың 23 шілдесінен басталады. Сондай-ақ, ол Токио олимпиадасының тақырыбы 2011 жылы Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі мен цунами екенін ескере отырып, “жойқын цунамиден кейінгі жаңғыру” болуы керек екенін айтты. Бірақ Джон Коутс әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты тақырып өзгеретінін жеткізді. “Бұл коронавирусты жеңген ойындар болады”, – деді вице-президент.