2025 жылға дейін Қазақстанда 62 миллион шаршы метр үй салынады. 5 мың 200-ден аса мемлекеттік нысан бой көтереді. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында айтылды. Қазіргі таңда 286 нысанның құрылысы тоқтатылды. 84 нысанда жұмыстың тоқтауына бағаның қымбаттауы себеп болған.