2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар көбейеді
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақы көлемі артады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін ұлғаяды. “Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 183 теңгеден 63 030 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 147 680 теңгеден 157 280 теңгеге дейін ұлғаяды”, – деп жазылған хабарламада. I топ мүгедегіне арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ – 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін ұлғайтылады.