2025 жылы Ұлттық қордан балалардың есепшотына қанша ақша түсетіні белгілі болды.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова 2025 жылы еліміздегі балаларға Ұлттық қордан жоғары мөлшерде төлемдер түсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Келесі жылдың қаңтар айында балалардың есепшоттарына 2024 жылмен салыстырғанда көбірек сома түседі. Молдабекованың айтуынша, 2025 жылы әр балаға бһлінетін орташа төлем мөлшері шамамен 128 долларға (қазіргі курспен 66 304 теңге) тең. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 28 долларға артық. Айта кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанның барлық кәмелетке толмаған азаматтарына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы есептеледі.

Аударымдарды былай тексеруге болады:

заңды өкілдер үшін жеке кабинетте “Электронды үкімет” веб-порталы арқылы www.egov.kz;
БЗЖҚ интернет-ресурсында бақылауға мүмкіндік бар.