28 мың қазақстандықтың қарызы кешіріледі. Жыл соңына дейін төлем қабілеті жоқ 567 мың қазақстандықтың қарызы реттеледі. Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Соның ішінде микроқаржылық ұйымдарға 33,1 млрд теңге қарызы бар 432 мың адамның проблемалық берешегі қайта қаралмақ. Сонымен қатар микроқаржылық ұйымдар 28 мың адамның қарызын кешіреді. Яғни 600 млн теңге қарыз есептен шығарылады.