Әблязов жазалануы тиіс – Франция соты

Мұхтар Әблязов жазалануы керек. Заң осыны талап етеді. Франциядағы кассациялық сот осындай шешім шығарды. Естеріңізде болса, бұрынғы банкир француз елінде өзіне артылған сенімді пайдаланып, қомақты қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Өткен жылдың желтоқсанында Әблязов саяси босқын мәртебесінен айырылды. Қазақстанда ол бизнес-әріптесін өлтірді және ірі көлемде ақша ұрлады деген айыптармен сотталған. Енді Францияның Апелляциялық сотына қарасты тергеу палатасы БТА банктің экс-басшысының ісін қайта қарайды.