3-4 шілде күндері елордада балабақшалар жұмыс істемейді

3-4 шілде күндері елордада балабақшалар жұмыс істемейді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізуге орай 3 және 4 шілдеде Астанадағы балабақшалар жабылады. Ол күндері қалада Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Елордалық білім басқармасы бұл ақпаратты растады. “Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді”, — деп хабарлады басқарма.