Алматыда көпқабатты үйден шыққан өрттен кейін екі қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Алматы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков хабарлады. “Бүгінде қалалық прокуратурамен ведомствоаралық тергеу тобы құрылды. Оның құрамына біздің анықтаушыларымыз кірді. “Өрт кезінде кісі өлімі” және “Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы” баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді Ерлан Әлібеков. Еске сала кетсек, Ақкент ықшамауданындағы өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Өрттен барлығы 43 адам жапа шеккен.