Келер жылы мектеп мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Ол қашықтан оқуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқармайтынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қыркүйектен бастап “Педагог мәртебесі” заңына сәйкес қосымша үстемақы болады, ол да мұғалімдер үшін айтарлықтай көмек. Енді қаңтардан бастап әріптестеріміздің жалақысы 25 пайызға өседі”, – деді министр.