Кірісінен айырылған азаматтарға шілде айына әлеуметтік жәрдемақы алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қажет емес. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
“Өз өзін жұмыспен қамтығандар өткен жолы 42 500 теңгені алу үшін бірыңғай жиынтық төлем төледі. Бұл жолы оны төлеудің қажеті жоқ, ондай талап қоймаймыз. Төтенше жағдай кезінде төледіңіздер, сол жеткілікті”, – деді Нұрымбетов.
Министр жеке кәсіпкерлерге қатысты өзгерістерге тоқталды.
“Жеке кәсіпкерлер өткендегідей өтініш береді. Олардан да біз міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік жарнаның төленгенін растауды талап етпейміз”, – деді Нұрымбетов.