Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол қазақстандықтарға 42 500 теңгені алуға өтінішті бір рет берсе жеткілікті екенін атап өтті.
“Порталдарға және Telegram-ботқа өтінішті бірнеше рет жіберудің қажеті жоқ. Бұл порталдарға артық салмақ түсіріп, өтінішті бергісі келетін адамдарға кедергі келтіреді. Өткен жолы 18 миллион өтініш түсті. Сондықтан екінші рет өтініш қабылданбайды. ЖСН бойынша өтініш түскені туралы бір рет хабарлама келеді. Сізге өтінішіңіз қабылданғаны туралы хабарлама келуі керек. Кейін сіз оны порталдардан бақылай аласыз”, – деді Нұрымбетов.
Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданатынын айттты.
“Бұл – шілде айындағы төлем. Порталдар 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Сіздерде өтініш беруге әлі бір ай уақыт бар”, – деді министр.