Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кейбір қазақстандыққа 42500 теңге төлеу үшін SMS жіберілетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Цифрлық даму министрлігімен бірге біз белгілі бір санаттағы адамдарға алдын ала төлемақы беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Барлық базаны зерттедік. Әр аймақтағы шектеулерді ескере отырып, біз жағдайы өзгермеуі мүмкін адамдарды анықтадық. Олар әлі де табыссыз жүр. Сондықтан, біз мұндай адамдарға SMS жібереміз, онда олардың жағдайы өзгермегенін, табыс көзін жоғалтқанын растауды сұрап, алдын ала төлем жасауымызға келісімін аламыз. Егер сіз “иә” деп жауап бергіңіз келсе, ұялы телефоныңыздағы бір батырмасын басыңыз, сонда біз бұл хабарламаны аламыз. Бұл өтінім жіберілді дегенді білдіреді. Келесі күні, жұмада портал немесе Telegram боттары арқылы өтінім жіберудің керегі жоқ”, – деді Нұрымбетов.