27 жастағы жігіт алаяқтық жолмен өзге азаматтардың атынан 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін кредит алып отырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгеге тең. Күдікті түрлі сылтаумен таныстарынан жеке куәлігінің көшірмесін сұраған. Сонымен қатар, “ВКонтакте” әлеуметтік желісінен қосымша жеке деректер тауып, OLX сайтында жұмысқа орналасу туралы жарнама берген. Ол үшін “үміткерлерден” фотосурет пен өзге де деректерді талап еткен. Адамдардың жеке мәліметтерін осылайша қолға түсірген алаяқ үздіксіз онлайн кредитке өтінім тапсырып отырған. Осы дерек бойынша “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.