Экс-прокурор мен банкир қыз зорлады деген күдікпен сот алдында жауап беруде

Экс-прокурор мен банкир қыз зорлады деген күдікпен сот алдында жауап беруде. Оқиға былтыр қараша айында Алматының элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Тергеу мәліметінше, ішімдікке сылқия тойған банкир экс-прокурор досымен бірге өзінің көңіл жарастырып жүрген қызын асқан қатыгездікпен зорлаған.

Ал қалған үшеуі ішімдік ішіп отыра берген. Пәтерде негізі 5 жігіт болса да, оның тек біреуі, банкир ғана қамауға алынған. Ал экс-прокурор 84 миллион теңге тұратын зәулім үйін кепілдікке қойып, бостандықта жүр. Ал Қыздың “құтқарыңдар” деген айқайын таңға дейін естіген үшеу қазір сотта куәгер. Сот процесі қалталы күдіктілердің талабымен жабық есік жағдайында өтіп жатыр.

Жәбірленушінің айтуынша, 38 және 40 жастағы күдіктілердің көрсетпегені жоқ. Түні бойы топтасып зорлап, одан қалды, соққыға жыққан. Тек таң атып, екеуі ұйқыға кеткенде ғана қыз пәтерден қашып шыққан. Жәбірленушінің адвокаты күдіктілер “арызыңды ал” деп, талай мәрте қызға қоқан-лоққы көрсеткенін айтады. Сотта банкир мен экс-прокурордың құқығын бес бірдей адвокат қорғап жатыр.