«5 мың шақырым жол салынады»: Тоқаев жол саласында қандай шаруалар атқарылып жатқанын айтты

Президент Тоқаев көлік саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан үлесін атап өтті. Ол көлік жүйесін стратегиялық сала деп атап, Транскаспий бағыты, Сианьдағы логистика орталығы сияқты жобалар жүк тасымалын арттыратынын айтты. Биыл «Достық – Мойынты» желісі аяқталып, Алматыны айналып өтетін жол іске қосылады. 11 мың шақырым теміржол жөнделіп, 5 мың шақырым жаңадан салынады. «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал», «Аягөз – Бақты» жобалары жүзеге асырылуда.