5 жасар баланы лифт ішінде пышақтаған жасөспірімнің анасы кешірім сұрады

5 жасар баланы лифт ішінде соққыға жыққан жасөспірімнің анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Анасы «Хабар» арнасына сұхбат беріп, баласының жағдайы туралы айтып берді. Әйелдің айтуынша, оның ұлы Бахтиярға 9 жыл бұрын атипиялық аутизм диагнозы қойылған, ал 3 жылдан кейін шизофрения расталған. 2023-2024 жылдары ол үнемі ауруханада болған, тек бірнеше апталық үзілістерде ғана үйіне келген. Анасының сөзінше, Бахтиярдың жағдайының нашарлауына психиатриялық диспансердің 3-қабатынан құлап кетуі себеп болған. Бұл оқиға 2024 жылдың жазында болған. Дәрігерлер баланы жабық бөлмеде жалғыз қалдырып, оған дұрыс бақылау жүргізбеген. Құлағаннан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, қоғамнан алшақтап кетті. Жасөспірім шизофрения диагнозымен шетелде де емделген, алайда ешқандай оң нәтиже болмаған.