5G ұялы байланысы келесі жылы қосылады. Елде 2025 жылдың соңына дейін 5G ұялы байланысы енгізілуге тиіс. Бүгінде 20 қалада 1144 базалық стансы орнатылған. 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары салаға 450 млрд теңгеден астам инвестиция салмақ. Қазақстандағы интернеттің бүгінгі жайына тоқталсақ. Елдегі интернеттің орташа жылдамдығы секундына 43 мегабиттен асады. Интернет жылдамдығын өлшейтін ғаламдық сервистің мәліметінше, Қазақстан 66 орында. Соңғы төрт жылда трафикті тұтыну 61%-ға өскен. Ал абонент саны 13%-ға ұлғайды.