776 медицина қызметкеріне 2 миллион теңгеден берілді. Коронавирус инфекциясына байланысты ақ халаттылар біржолғы төлемді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алды. Сонымен қатар, қор ауру салдарынан қайтыс болған 3 медициналық қызметкердің туыстарына төлемдер аударды деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.