Белсенді Макс Боқаев босап шықты

Естеріңізге сала кетейін, Макс Боқаев 2016 жылғы қарашадан бері түрмеде отырды. Бес жыл бұрын Атырауда мыңдаған адам алаңға жиналып, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық білдірген. Атырауда басталған наразылық кейін елдің басқа аймақтарында да жалғасып, билік жерді шетелдіктерге жалға беруге уақытша мораторий жариялаған. Жер реформасына қарсы митингіден соң оған қатысқан атыраулық белсенділер – Макс Боқаев пен Талғат Аян бес жылға сотталған болатын. Олар “әлеуметтік араздық тудырды”, “жалған ақпарат таратты” және “митинг өткізу заңдарын бұзды” деп айыпталды.