Полицей жүргізуші куәлігін талап етсе 102 нөміріне хабарласу керек. Одан бөлек, өзіндік қауіпсіздік бөліміне шағымданса болады. Өйткені 13 ақпаннан бастап жүргізушілер қөлік басқаруға тиісті құжаттарды өзімен бірге алып жүруден босатылады. Сол себепті, қолыңызда құжат жоқ болса, тәртіп сақшысы айыппұл сала алмайды. Ол бүкіл мәліметтерді планшет арқылы тексеруге міндетті. Көлікті тексеру мемлекеттік нөмірді енгізу бойынша анықталады. Әрбір полицияға жаңа заңның тәртіптері түсіндірілді. Бұл бойынша мәселе туындамайды, – деді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов. Айта кетейік, жаңа заң бойынша жүргізушілердің жүргізуші куәлігі мен автокөлік техпаспортын өзімен бірге алып жүрмеуіне болады.