Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2020 жылы 15 қазан күні таңертең болған еді. қызметтік “Нива” көлігімен Лексус көлігі соқтығысып, Жантүршігерлік жол апатының салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапқан еді. Айта кетейік, Жергілікті кәсіпкер әйелдің 26 жастағы ұлының ісі екі айдан астам уақыт қаралған. Нәтижесінде ер адам кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Сонымен бірге ол көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделуе міндеттелді. Одан бөлек, ер адам марқұмдардың отбасына 10 млн теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді және қираған көлік үшін полицияға келтірілген материалдық шығынды өтеуі қажет. Оның мөлшері үш миллион теңгеге жуық.