Бұған дейін Түркістан облысында Жұмабек деген азаматқа сүйеніп, жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі қоғамда қызу талқыға түскен еді. Кейін облыстық полиция дептарменті Жұмабек есімді полиция қызметкерінің бар екенін хабардар еткен болатын. Белгілі болғандай бүгінде ол атқарып отырған лауазымынан босатылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Түркістан облысында түсірілген видео пайда болған еді. Көлікте кетіп бара жатқандар қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзғанын камераға түсірген. Полицейлер тоқтатқан кезде көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларына Жұмабекке хабарласу керектігін айтып, ары қарай кете берген. Осыдан кейін тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізіп, көлік жүргізушісінің кім екенін анықтаған. Ол Lada Priora көлігін тізгіндеген Шымкент тумасы болып шыққан