Актриса Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 73 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қазақ театр және кино өнері орыны толмас қазаға ұшырады. Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры әлеуметтік желі арқылы естіртті. Ғазиза Әбдінәбиева «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері. Марқұм «Перекресток» телехикаясында Розаның, ал «Саранча» кинокартинасында Маргоның ролін сомдаған. Ол 20-ға жуық фильмге түскен. Олардың бірі «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Біржан сал», «Кемпір», «Зауал» сынды фильмдер.