Әлеуметтік желілерде осындай ақпарат пайда болды. Видеоға Қызылорда облысының әкімдігі түсінік берді. Instagram-дағы видео кадрларынан кезекте тұрған көп адамды көруге болады. Қызылорда базарында коронавирусқа қарсы осындай шара қолға алынып, вакцинасыз ешкімді кіргізбей жатыр деген ақпарды облыс әкімдігі жоққа шығарды. ” Еркін саудаға барлық мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта қалалық емханалар жанынан екпе егу үшін жылжымалы топтар құрылды. Мобильді топтардың бірі бүгін “Қорқыт Ата” сауда орталығында вакцинация жүргізді. Екпе ерікті түрде салынады. Барлық санитарлық талап сақталған”, – деді ведомство өкілдері.