Елорда тұрғындары Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған қытайлық Hayat-Vax препаратымен вакцина алуда, деп хабарлайды «Хабар 24». Естеріңізге сала кетейік, қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты қоймаларға дәл осы екпе түрінің 7 мыңнан астам дозасы жеткізілген болатын. Осыған дейін бірнеше күн бойы алматылықтарда дәл осы вакцинаны салдырып бастаған. Еліміздің әл ауқат қоры Hayat-Vax вакцинасының 1 миллион дозасын сатып алған еді. Ол екі компоненттен тұрады. Екпе бірнеше апта аралықпен егіледі. Вакцинаның тиімділігі 79%-ті құрайды. Препарат жағымсыз реакциялар тудырмайды.