Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері хабарлады. Жұмыс істемеген аралық еңбек кітапшасына енбейді, демек ақылы демалыс кезін есептеген кезде де ескерілмейді. Коронавирусқа қарсы вакцина салудан бас тартып, жұмысқа бара алмағандар жұмыстан себепсіз қалғандар қатарына кіреді. Егер қызметкер вакцинадан бас тартатынын жазбаша түрде растамаса, онда компания немесе мекеме акт толтырып, оқиғаны тіркеуі тиіс. “Жұмыс беруші ондай қызметкерді жұмыстан шеттете алады”, – деді жедел штаб өкілдері. Заң бойынша, олар қашықтан жұмыс істеу режиміне көше алмайды. Алайда бұл мәселе ерекше жағдайларда басқаша шешілуі мүмкін. Ресей заңы бойынша вакцинаны салдыру-салдыртпау әр адамның еркі. Заңгерлер вакцинаны міндеттеу заңсыз екенін алға тартады. Кремль міндетті вакциналауға қарсы екенін мәлімдеген. Алайда аймақ билігінің шешімдерінің қолдайды. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков вакцина алмағандар бәрібір “алалауға ұшырайды” деп айтқан.