Ақтөбе облысы «қызыл аймаққа» енді

Ақтөбе облысы «қызыл аймаққа» енді. Вирустың таралу қарқыны бойынша қазір қызыл тізімде Ақтөбемен бірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары бар. «Сары аймақ» санатында Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұрса, Түркістан мен Шығыс Қазақстан «жасыл аймақта».