Салық заңнамасына өзгеріс енгізілді. Енді салық бойынша қарызы 17 мыңнан аспайтын азаматтардың есеп-шоты бұғатталмайды. Ал берешек толық өтелгенде банктер шығыс оперцияларын жандандыруға құқылы. Ресми мәліметтерге сүйенсек, салықтан жиі жалтаратындар Алматы тұрғындары. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 5,1 млрд теңгеге жеткен. Ал тұрғындардың көлік салығына берешегі 90 процентке тең болып отыр.