Ата-анасы екпе салдырмаған балалар балабақшаға жіберілмейді. Шығыс Қазақстан облысының халқы Instagram-дағы осындай хабарламаны талқылауда деп хабарлайды Stopfake.kz. Шын мәнінде, өңірдің және елдің бас санитария дәрігерлерінің қаулыларында мұндай талаптар жоқ. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналары COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған балаларды балабақшаларға қабылдамайды деген қауесетті жоққа шығарды. Қаулыда балабақша тәрбиеленушілердің ата-аналарын вакцинациялау туралы мәселе қозғалмайды. Балалар мектепке дейінгі мекемелерге шектеусіз барады, – деп хабарлады ведомстводан.