2022 жылдан бастап мектеп табалдырығын жаңа басқандар үшінші тоқсанда цифрлық сауатын ашуға кіріседі. Бұған дейін оқушылар үшінші сыныптан бастап «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнін оқыған болатын. «Цифрлық сауаттылық – оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Сондықтан балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктері де ескерілетін болады», – дейді ведомствоның мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.