Қазір жауаптылар осындай функцияны сынақтан өткізіп жатыр. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, хабарландыру ғаламдық деңгейде ақау болғанда ғана жіберіледі. “Бүгін адамдарға инстаграмдағы ақаулар мен парақшаларының статусы туралы қосымша ақпарат алуға көмектесетін екі жаңа функцияны жариялаймыз. “Парақшаның күйі” деп аталатын жаңа функцияның арқасында парақшаңызда не болып жатқанын және контенттің таралу ауқымын біле аласыз”, – делінген хабарламада. Олар жаңа нұсқаны әлеуметтік желіде бірнеше ай бойы АҚШ-та тексеруді жоспарлап отыр.