Бүгін Тараз қаласының жанында тағы да жарылыс болды. “Жамбыл облысы Сарыкемер ауылындағы оқ-дәрі қоймасы аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттарды жару жұмыстары жүріп жатыр”, деп хабарлады облыстың полиция департаменті. Ресми дерекке сәйкес, жарылыс кезінде оқ-дәрі қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Оқиға орнына жақын жерде адамдар болмады. Жоспар бойынша жарылыстар бүгін кешкі алтыға дейін жалғасады. Құзырлы органдар тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізіліп отыр.