Алып шаһарда жыл басынан бері Ресейде тіркелген көлік жүргізушілері 60 мыңға жуық заң бұзушылық жасаған деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментіндегілер. “Шет мемлекеттердің нөмірлері “Жол қозғалысы қауіпсіздігі” және “Сергек” автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы танылмайды деп жаңылысып, олардың жүргізушілері барлық жерде жол қозғалысы ережелерін бұзады: жылдамдықты шектен тыс асырады, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, қиылыстарды кесіп өтеді, қарсы келе жатқан жолаққа өтеді, жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтамайды. Бұл жол апатына әкеп соғады. Түрлі қулыққа бару арқылы жауапкершіліктен жалтару әрекеттері нәтижесіз болатынын ресми түрде мәлімдейміз”, – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.