Қазақстан экономикасы едәуір жақсарды, деп хабарлайды «Хабар 24». Еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланше бастаған Халықаралық валюта қорының сарапшыларымен кесдесуде осылай деді. Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,7%-ке жеткен. Яғни пандемияға дейінгі өндіріс жағдайы, қалыпқа келіп отыр. Халықаралық валюта қорының сарапшылары да кейбір салада ілгерілеушілік бар екенін байқаған. Тараптар ақша-несие, валюта, салық-бюджет саясаты, банк саласындағы ахуал және жеке секторды дамыту мәселесін ортаға салды. Алда бірлесіп атқаратын іс-шараларды талқылады.