Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасарына қатысты осындай шешім шығарған. “Сот күдіктінің жалғызбасты әйел екенін, Атырау қаласында тұрғылықты тұратынын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотты болмағанын, кішкентай екі баласын жалғыз тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының болуын ескере отырып, сот оған қатысты процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгіледі”, – делінген хабарламада.