Үкімет ақылы жолдардың құнын төмендету бойынша жедел шаралар қабылдады. Атап айтқанда, кірме жолдардың сервистік орталығы үшін тарифтер 92 процентке төмендеді. Сонымен қатар 1 ақпаннан бастап кірме жолдарға қызмет көрсететін 21 субьектіге тарифтер орта есеппен 80 процентке төмендеді. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, қабылданған шара энергетикалық көмір мен әлеуметтік маңызы бар тауар құнының қымбаттауына жол бермейді.