Олардың бәрі ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Тағылған айыпқа құқықтық баға соттың құзыретіне жатады және ұсынылған дәлелдемелердің, оның ішінде видео жазба, куәгерлердің айғағы және басқа да материалдар негізінде беріледі. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов осылай деп мәлімдеді. “Соттар жасалған әрекетті, күдіктілердің жеке басын, жасын ескере отырып, тергеу және прокуратураның бастамасымен 270 адамға қоғамнан оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шаралары – үйқамақ, елге шығуға тыйым салу және басқа да шаралар таңдалды”, – деп түйіндеді комитет төрағасы.