“Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болатын бір энергоблок құрылысы шамамен 5 миллиард доллар тұрады. Дәлірек соманы нақты мердігерді анықтағаннан кейін және келіссөздер барысында ғана анықтауға болады. Бұл көптеген факторға байланысты. Бірақ болжамды сома – осы”, – деді Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Касенов. Ол қаржыландыру көзі келіссөздер барысында пысықталатынын түсіндірді.