Жамбыл облысында тағы бір әуе бомбасы табылды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицияға 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Байзақов ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылғанын айтқан. Саперлар снарядты зерттеп, оның “ОФАБ-100” үлгісіндегі жарылғыш-фугасты авиациялық бомба екенін анықтады. Зерттеуден кейін саперлар бомбаны залалсыздандыру үшін Айша бибі ауылындағы полигонға алып кеткен.