Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Nur Otan атауын Amanat-қа өзгертуге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Заңға қатысты қиындықтар мен мәселелер болмайды. Өйткені мұндай атаумен 30-дан астам түрлі компания барын көрдік, бірақ бірде-бір Amanat партиясы жоқ. Заман өзгереді, қоғам да өзгереді. Қаңтарда жаңа мемлекетте оянғандай болдық. Мемлекетке қарсы лаңкестік әрекеттен кейін партия сынақтарға дайын болуы керек. Партия қоғамнан бөлек өмір сүрмеуі керек. Өңірлерге барып, тұрғындардың партия жұмысына қатысты өтініштерін естідік, сондықтан атауын өзгертуді жөн көрдік”, – деді Қошанов журналистер сауалына жауап бере отырып.