Елімізде қалыптасқан ұжымдық иммунитетті әлсіретіп алмау жайы талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бүгінге дейін 10 млн адам екпенің қос компонентін салдырған. Қазір азаматтар Pfizer-ді алуға құқылы. Оған қоса ай сайын елде Qaz Vac-тың 500 мың дозасы шығарылады. Ералы Тоғжанов көршілес мемлекеттер, оның ішінде, Қытайда, Тынық мұхиты аумағындағы елдерде коронавирус өршіп тұрғанын ескертті. Сондықтан мемлекет шекарадағы шектеулерді түгел алуға асықпайды. Бірақ 33 елдегі вакциналау паспорты бар азаматтар біздің шекарадан еркін өте алады.