Қазақ эстрадасының хитмені Қайрат Нұртастың жары ол жайында ел білмейтін жайтпен бөлісті.
Жұлдыз Қайрат Нұртастың дәл ұйықтар алдында маза бермей, жұмсай беретінін айтты. Қайрат Нұртас, келіншегіне су әкеліп берші, жарықты өшірші, есікті жапшы деп мазасын алатын көрінеді. Ал, мұны естіген хитмэжн әнші әйеліне таңырқай қараған.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың жары өзінің он жылдай халықтан жасырынып жүрген кезіне қатысты бар шындықты айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова ол көпшілік ойлағандай азапқа толы уақыт емес, керісінше нағыз ғажап күндер болғанын алға тартты.