Өткен аптада елімізде жедел жәрдем көлігін шақыртушылар саны күрт артты. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы жылдың 5 айында жедел көмек бригадаларымен 3 млн-нан астам шақырту бойынша көмек көрсетілді. Оның атап өтуінше, өңірлер бөлінісінде шақыртулардың өсуі Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалып отыр.